Ғасеми: АҚШ қайтадан сенімге кіруі керек
https://itolqyn.com/news/iran-i41329
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранмен келіссөз жүргізуге ынта танытуына білдірген реакциясында: «АҚШ шынайы келіссөз жүргізуді көздемейді. Ол алдымен қайтадан сенімге кіруі керек»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 21, 2019 19:34 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ қайтадан сенімге кіруі керек

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранмен келіссөз жүргізуге ынта танытуына білдірген реакциясында: «АҚШ шынайы келіссөз жүргізуді көздемейді. Ол алдымен қайтадан сенімге кіруі керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Баһрам Ғасеми Теһранда Қытайдың «Глобал Таймс» газетінің бас редакторы және редакция алқасымен кездесуінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға халықаралық ережелерге қайшы санкциялар салғанын айтып: «Әлем АҚШ-тың біржақтылығынан шаршады. Қытай, Ресей мен Еуропаның АҚШ-тың алдында өз саяси ұстанымдарын сақтап қалуы бұрынғымен салыстырғанда әлемдік жағдайдың өзгергенін көрсетеді»,-деді.  

Ол Иранның АҚШ саясаттарына қарсы тұру себебі туралы: «Вашингтонның Таяу Шығыс аймағына, соның ішінде Ауғанстан, Сирия, Ирак, Йеменге қатысты қате шешімдері, сионистік режимді қолдауы, аймақта экстремизмнің таралуына көмектесуі, Талибан, әл-Каида мен ДАИШ сияқты құбылыстардың пайда болуына көмектесуі Иранның АҚШ-тың аймақтағы біржақты саясаттарына қарсы тұруына себеп болып отыр»,-деді.