Иран Қарулы күштері Бас қолбасшысының қолбасшылармен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Mon, 11 Apr 2016 09:28:37 GMT )
Сәу 11, 2016 15:28 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштері Бас қолбасшысының қолбасшылармен кездесуінде сөйлеген сөзі

ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Иран қарулы күштерінің операциялық әлеуеттері мен рухани-діни мақсаттарын нығайту қажеттілігін қуаттады.

ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи елдің қарулы күштерінің жоғары қолбасшыларымен кездесуінде: «Иранның Исламдық республика жүйесіндегі қарулы күштердің негізгі міндеті – ұлттық шекаралардың қауіпсіздігін қорғау. Сондықтан күннен күнге бұл күштердің операциялық әлеуеттері мен рухани ой-пікірлері нығаюы қажет»,- деді.

Ол Иран қарулы күштерінің ұжымдық болмысының ең маңызды факторын операциялық және әскери әлеует, рухани-діни ой-пікірлері мен мақсатттарының үйлесімді болуы деп атап: «Қарулы күштер арнайы адам немесе арнайы топ немесе арнайы бір партияға қарасты емес, олар бүкіл халық пен мемлекеттің күштері. Сондықтан халық пен ұлттық қауіпсіздікті қорғауға міндетті»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі әлемнің мемлекеттерінің көбінде арнайы екі болмысқа ие қарулы күштердің екі тобының кездесетіндігіне тоқталып: «Кейбір елдерде әскер салтанатты әскери күштер болып, операциялық әлеуетсіз тек үкімет пен үкімет басындағылардың қауіпсіздігін қорғайды. Біздің аймақта да мұндай әскерлердің үлгілері бар. Олардың кейбіреулері бір жылдан астам уақыт бұрын бүкіл күшімен Йеменге шабуыл жасап, сол елдің халқын нысанаға алды. Бірақ олардың істері табысқа жеткен жоқ. Кейбір басқа әскерлер сырт көзге жоғары әскери дайындыққа ие болғандарымен әрекет майданында тек қаруға сүйеніп, қисынсыз әрекет жасап, рақымсыздық көрсетеді. Бұл сөзімізге АҚШ әскерінің Ирак пен Ауғанстандағы әрекеттері айқын үлгі болады. Мұндай қарулы күштер соғыс алаңында сәтсіздікке ұшыраса, «Блек Уотер» сынды қылмыскер күштерді пайдаланудан бас тартпайды» деді.

Тегтер