АҚШ-тың Иран халқына қарсы әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыстардан да асып түседі
(last modified Fri, 08 Mar 2019 16:10:22 GMT )
Нау 08, 2019 22:10 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иран халқына қарсы әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыстардан да асып түседі

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Иранның медицина саласындағы 66 ғалымының БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатын жариялап, әлемдік қауымдастықтан АҚШ-тың Иран халқына қарсы, әсіресе медицина саласындағы санкцияларын айыптауды сұрады.

Бұдан бұрын ИИР Президенті Хасан Рухани жасаған баяндамасында: «АҚШ үкіметі тек Иран жүйесі және үкіметімен ғана қиындығы бар деп, өтірік айтты. Бұл уәждері – өтірік. Олар тіпті Иран халқына қажет фармацевтикалық орталықтың құрылысына қысым жасап отыр. АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыстардан да асып түседі»,- деген болатын.

АҚШ үкіметінің қазіргі саясаты Иран халқына қарсы дұшпандықты көрсетеді. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қарсы жан-жақты санкцияларын қайта салды. АҚШ-тың саясаты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қуаттаған аталмыш келісімнен шығумен шектелмеді. АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанымы қарапайым халықтың күнделікті тұрмысына да әсер етіп жатыр. Иранға қарсы санкцияларының халықтың тұрмысына әсер етуі АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығының белгісі. Сондықтан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсылық білдіру – тек сылтау. АҚШ-тың санкциялары мен халықаралық саудаға шектеу қоюы табиғи түрде денсаулық пен емдеу, дәрі-дәрмек пен медициналық қажеттіліктерге әсер етіп отыр. Гуманитарлық және халықаралық заңдар бойынша, мемлекеттер басқалардың медициналық қызметтерге ие болу құқықтарын құрметтеп, адамдардың денсаулығына зиян тигізбеуі керек.  Бірақ, АҚШ үкіметі Иранға қарсы санкцияларының дәрі-дәрмек пен емдеу салаларын нысанаға алмайтыны туралы уәж айтып отыр.

Рейтерс агенттігі жуырдағы мәлімдемесінде: «АҚШ-тың уәждеріне қайшы Иранға қарсы санкциялары салдарынан азық-түлік және фармацевтикалық компаниялар Иранмен арадағы келісімдерін бұзып жатыр»,- деп жазды.  

Иран Президентінің халықаралық құқықтар жөніндегі кеңесшісі Мохсен Мохеби де АҚШ-тың еш уақытта Иранға экспортталатын дәрі-дәрмек пен азық-түлікке санкция салмайтыны туралы айтқан уәждеріне тоқталып: «Халықаралық банктік жүйе дәрі-дәрмек пен азық-түлік саудасын қолдамайды, сондықтан олар да санкциялармен бетпе-бет келді»,- деді.

АҚШ-тың қазіргі үкіметінің Иран халқына қарсы саясаты – Иран халқына деген дұшпандығының белгісі. Бұл саясат тек Трамп үкіметінің ғана саясаты емес. Өткен қырық жылда АҚШ-тың әртүрлі үкіметтері Иран үкіметіне дұшпандығын сылтауратып, қарапайым халықты нысанға алды. Сол себепті Иран жаңа дәрі-дәрмек шығару саласында жетістікке жетіп, шетелдік елдерге тәуелділіктен құтылды. Бұл Иран халқының ешбір жағдайда АҚШ-қа бағынбайтынын көрсетеді.