Ислам революциясының жетекшісі: Бүкіл ислам елі ИИР-на үміт артып отыр
(last modified Sat, 09 Mar 2019 10:26:30 GMT )
Нау 09, 2019 16:26 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Бүкіл ислам елі ИИР-на үміт артып отыр

Ислам революциясының жетекшісі ислам әлемінде осы дінді қайта жаңғыртуға және шынайы мағынадағы исламдық өмір салтын ұстануға ынтаның артқанына тоқталып: "Бүгінде бүкіл ислам елі ИИР-на иек артып отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің туындыларын сақтау және тарату кеңсесі баспасөз қызметінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Ислам революциясының жетекшісі дүйсенбі, 4 наурыз күні Фикһ пен ислам ғылымдары институты мүшелерімен кездесуінде: "Ислам және араб елдерінің халықтары ИИР-на үміт артып отыр",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін ислам әлемінің Иран халқының революциялық қозғалысын қажет етіп отырғанын айтып: "Батыс пен Шығыстың материалдық өркениеттерінен көңілдері қалған халықтар исламдық өмір салтына бет бұрып жатыр",-деді.   

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, ислам дініндегі жанұя мәселесінің маңыздылығына тоқталып, ер адамның табысқа жетуінде жұбайы мен жанұяның рөлін зор деп атады.