"Исламдық ояну" ұйымы Трамптың басып алынған Голан жоталарын қолдауын айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i41625
«Исламдық ояну» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Әлиакбар Велаяти мәлімдеме жариялап, АҚШ Президенті Трамптың сионистік режимнің Голан жоталарын басып алу әрекетін қолдағанын айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 24, 2019 16:43 Asia/Almaty

«Исламдық ояну» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Әлиакбар Велаяти мәлімдеме жариялап, АҚШ Президенті Трамптың сионистік режимнің Голан жоталарын басып алу әрекетін қолдағанын айыптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Велаяти мәлімдемеде АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы сионистік режимнің қауіпсіздігін қатмамасыз ету және оған кепілдік беру стратегиясының тығырыққа  тірелгеніне тоқталып: «АҚШ Ауғанстан, Ирак пен Сирияға қарсы әскери араласуы мен «Жаңа Таяу шығыс» жобасы қастандығы қарсыласу ағымымен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке ұшырағаннан кейін өз ұстанымын өзгертіп, гибридтік соғыс саясатын ұстанып, тәкфиршіл лаңкестік топтарға қолдау көрсетуге, оларды қаруландырып, жаттығу жүргізуге көшті. АҚШ елшілігінің қасиетті Құдс қаласына көшуі, «Ғасыр мәмілесі» жобасы, Голан жоталарын сионистік режимнің егемендігі деп мойындау аймақтың қиындықтары мен дағдарысын одан бетер арттырады. Сондықтан қарсыласу ағымы сионистік режиммен қарсыластығын күшейте түседі»,- деді.