Иран мен Ресей БАҚ-ның билеп-төстеушілігіне қарсы тұру үшін ынтымақтастықтарын арттырады
https://itolqyn.com/news/iran-i41716-Иран_мен_Ресей_БАҚ_ның_билеп_төстеушілігіне_қарсы_тұру_үшін_ынтымақтастықтарын_арттырады
Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабының басшысы «Russia Today» телеарнасының директорымен кездесуінде Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы ынтымақтастықтарын арттыруды Батыс ақпарат құралдарының билеп-төстеушілігін тоқтату жолындағы маңызды қадам деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 05, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей БАҚ-ның билеп-төстеушілігіне қарсы тұру үшін  ынтымақтастықтарын арттырады

Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабының басшысы «Russia Today» телеарнасының директорымен кездесуінде Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы ынтымақтастықтарын арттыруды Батыс ақпарат құралдарының билеп-төстеушілігін тоқтату жолындағы маңызды қадам деп атады.

 

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пейман Джебели: ««Russia Today» телеарнасы Иранның шетелге хабар тарататын «Прес ТВ» және басқа арналарымен бірге кең ынтымақтастықтарға ие. Келешекте бұл саладағы тәжірибе, білім және технологиялармен алмасудағы ынтымақтастықтарын кеңейтетініне үміттенемін»,- деді. Джебели Твиттер мен Фейсбуктегі Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабының парақшалары мен есеп-шоттарының жабылуына тоқталып: «Мұндай әрекеттер Ресейдің ақпарат құралдарына да қарсы қолданылды. Сондықтан Теһран мен Мәскеу бұл әрекетке қарсы тұру үшін ақпарат саласындағы ынтымақтастықтарын арттыра алады»,- деді.  

«Russia Today» телеарнасының директоры Алексей Николаев АҚШ пен Еуропаның сөз бен ақпарат бостандығына екіжүзді қатынасын сынап: «Батыс мемлекеттері сөз бен ақпарат бостандығы туралы тек сөз жүзінде ғана айтады. Өкінішке орай, іс жүзінде өздеріне қарсы әрі тәуелсіз дауысты тұншықтырады»,- деп қуаттады.