Зариф аймақ өзгерістері және екіжақты қарым-қатынастар туралы пікір алмасу үшін Мәскеуге аттанды
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жоғары лауазымды делегацияны басқарып, Мәскеуге сапарымен кетті.
Зариф бұл сапарында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, екіжақты мәселелер, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы және аймақ пен әлемнің басқа мәселелері туралы пікір алмасады. Бұл кездесу Ақ үй басшыларының Иранға қарсы қоқан-лоққылары саяси орталарды Американың аймақтағы жаңа қайшылықтар тудыруының мақсаттарын бағалуына бет бұрғызған жағдайда орын алуда. Әрине Ақ үйдің мақсаттары өз елінің аймақтағы саясаттарының нәтижеге жетпеуіне және Сириядағы АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясы қолдайтын лаңкестікке соққы берілуіне көрсетіліп реакцияға байланысты. Теһран мен Мәскеу Сирия тақырыбында АҚШ өзі басқаратын лаңкестікті аймақты бөлшектейтін және ғасырдың ірі мәмілесін іске асыруға қажет құрал ретінді пайдаланғысы келген жағдайда ынтымақтастық етті. Бірақ АҚШ-тың бұл жобасы да сәтсіздікке ұшырады. Халықаралық саясатты зерттеу RAND институтының аға cарапшысы Әлиреза Надер: "Ресей мен Иран Батыс Азия аймағында бұрын-сонды болмаған бірлікті көрсетті. Бұл бірлік аймақтағы АҚШ-тың араласуына жиіркеніш білдірудің нәтижесі",- деді. Ресей бейбіт мақсатты ядролық ғылым мен атом стансасын салу мәселелерде Иранмен ынтымақтастық етуде, алайда осы кезде АҚШ-тың санкциялары бұл ынтымақтастықтарға да өз әсерін тигізуде. АҚШ Президенті Дональд Трамп өз шешімдерімен шындықты қабылдағысы келмейтінін көрсетіп, санкцияларды Иран мен Ресейдің стратегиялық қарым-қатынастарын бұзу және Иранның аймақтағы рөліне нұқсан келтіру үшін пайдалануға талпынуда. Бұл әрекеттер Ресей тарапынан жауапсыз қалмады. Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ-тың санкциялары мен Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына реакция білдіріп: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы біржақты әрі заңсыз әрекет, Мәскеу келісімге қатысқан басқа елдермен оны қолдау туралы келіссөздерін жалғастырады",- деп қуаттады. Иран мен Ресейдің стратегиялық мәселелерге қатысты қарым-қатынастарының кейбір айырмашылықтарына қарамастан әсері болғаны анық. Америкалық сарапшы Илан Берман Трамптың Иран мен Ресейдің арасын арандату әрекеттерін нәтижеге жетпеді деп тауып: "АҚШ Президенті мен оның кеңесшілері жақын арада Иран мен Ресей қарым-қатынастарын бұзу мақсаттарының артық кету екенін түсінеді. Өткен онжылдықтың оқиғалары Иран мен Ресейдің өткен жиырма бес жылдағы әскери, саяси және экономикалық қарым-қатынастарының ерекше мықты әрі ажырамас екендерін көрсетті",- деп жазды.