Иран әл-Фуджейра портындағы оқиғаны анықтауды талап етті
(last modified Mon, 13 May 2019 09:18:48 GMT )
Maм 13, 2019 15:18 Asia/Almaty
  • Иран әл-Фуджейра портындағы оқиғаны  анықтауды талап етті

ИИР Сыртқы істер министрлігнің баспасөз хатшысы жексенбі күні Оман теңізінде бірнеше танкердің жарылуын алаңдататын әрі өкінішті оқиға деп тауып, бұл оқиғаның егжей-тегжейін анықтау қажеттілігін қуаттады.

Сейед Аббас Моусави бүгін, дүйсенбіде бұл оқиғаның теңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізуіне тоқталып, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзғылары келетіндерге ескерту жасап, аймақ мемлекеттерінен бөгделердің әр қастықтарына қырағы болуды сұрады.

Жексенбі күні таңертең Біріккен Араб Әмірлігінің шығысындағы әд-Фуджейра портында жарылыс туралы қайшы хабарлар басылып шығып, басында  бұл хабарды БАӘ басшылары теріске шығарды. Бірақ кейін бұл елдің Сыртқы істер министрлігі бұл елдің аймақ суларына жақын жерде төрт танкердің нысанаға алынғаны туралы жариялады.  

Сауд Арабиясы Энергетика министрі Холед Фалах саудиялық және эмираттық ақпарат құралдардың теріске шығарулары қарамастан: «Өткен күні әл-Фуджейра портына жақын жерде нысанаға алынған екі танкер Сауд Арабиясының танкерлері»,- деп хабарлады.