Джаһангири: Трамп қоқан-лоққыларымен Иранның тарихын білмейтінін көрсетті
Иран Вице-президенті Трамптың Иранға қарсы соңғы твиттеріне тоқталып, Трамптың қоқан-лоққыларымен Иранның тарихын білмейтінін көрсеткенін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исхақ Джаһангири: "Америкалық басшылар әлем тарихының бойындағы Иран рөлі мен орның және бұл елге қарсы соғысудың олардың мүддесіне емес екенін білулері үшін Иран тарихын оқулары қажет",- деді.
Джаһангири америкалықтардың Иран халқын келешекке үмітсіздендіру талпыныстарына сілтеме жасап: "Бұл кезеңде барлық басшылардың міндеті халықтың рухын сақтап қалуға талпыну болып табылады",- деп қосты. Джаһангири Иранның қырағы дипломатиясымен халықаралық сахнада АҚШ-ты оқшауландыратынына назар аудартып: "Халықаралық кеңістік әрқашан Иранның ұстанымдарын қолдайды",- деп баса айтты.