Иран Сыртқы істер министрі: Үш еуропалық мемлекеттің жолдауының мазмұны «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы
(last modified Fri, 28 Jun 2019 09:07:10 GMT )
Маусым 28, 2019 15:07 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Үш еуропалық мемлекеттің жолдауының мазмұны «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы

Иран Сыртқы істер министрі үш еуропалық мемлекеттің жолдауына реакция білдіріп, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысына хат жіберіп, жолдау мазмұнының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайша екенін қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф өз хатында еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін сан рет дұрыс орындамағандарына тоқталды. Ол сондай-ақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері мен Иранның  сүйеніп, Иранның  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысына жазған осыған дейінгі хаттарына сілтеме жасап, Иранның аталмыш келісімді толық тоқтату немесе өз міндеттемелерінің кейбіреулерін орындамау құқығы туралы жариялады. Зариф сондай-ақ өзінің Твиттердегі парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трампқа: «Ядролық мәселеге қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына санкция енгізу соғыстың өзі. Иранға қарсы қысқа уақытты соғыс – қиал. Бұл соғысты астаған әр тарап, оны аяқтаушы болмайды. Келіссөз ұсыну және тұпа-тұс  қоқан-лоққы жасау нәтижеге жетпейді»,- деп жазды.  

 

Тегтер