Салехи: АҚШ-тың біржақты әрекеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жағдайын қиындатты
https://itolqyn.com/news/iran-i42615-Салехи_АҚШ_тың_біржақты_әрекеттері_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасының_жағдайын_қиындатты
Иранның Атом қуаты басшысы мен «Росатом» компаниясының Бас директорының кездесуінде екі елдің ядролық ынтымақтастырының келешегі талқыға салынды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 04, 2019 15:28 Asia/Almaty
  • Салехи: АҚШ-тың біржақты әрекеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жағдайын қиындатты

Иранның Атом қуаты басшысы мен «Росатом» компаниясының Бас директорының кездесуінде екі елдің ядролық ынтымақтастырының келешегі талқыға салынды.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресейдегі ИИР елшілігі мәлімдеме шығарып: «Иранның Атом қуаты басшысы Әлиакбар Салехи мен «Росатом» компаниясының Бас директоры Алексей Лихачевтың кездесуінде екі елдің бейбіт мақсатты ядролық энергия саласындағы ынтымақтастықтарының соңғы жағдайы және бұл ынтымақтастықтардың келешегі талқыға салынды.  Сондай-ақ екі елдің ядролық энергия ұйымдары басшылары АҚШ-тың біржақты шығуынан кейінгі «Ортақ  қадам» жан-жақты бағдарламасының жағдайы туралы келіссөз жүргізіп, аталмыш келісімді сақтап қалу және оған қол қойған барлық тараптардың өз міндеттемелерін орындау маңыздылығын қуаттады. Салехи мен Лихачев Бушер стансасын салу жоба мен оның алға ілгерлеуіне ризалығын білдірді»,- деп жариялады.