Ислам Революциясы жетекшісінің Қазақстан Президентін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Tue, 12 Apr 2016 09:57:00 GMT )
Сәу 12, 2016 15:57 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің Қазақстан Президентін қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам Революциясының жетекшісі Қазақстан Президентін қабылдауында: "АҚШ пен басқа да алпауыттар лаңкестікпен күрес туралы уәждерінде шынайы емес" деді.

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні кешке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ол кісімен бірге келген делегацияны қабылдауында екі елдің түрлі саяси, экономикалық, халықаралық және лаңкестікпен күрес салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігіне тоқталып: "Кейбір алпауыт елдер, әсіресе, АҚШ лаңкестікпен күрес туралы уәждерінде шынайы емес. Бірақ мұсылман елдер адал әріптестіктер арқылы бұл қауіп-қатерді Ислам әлемінен алыстата алады" деп мәлімдеді.

Хазірет аятолла Хаменеи америкалықтардың Иракта ИСИМ тобына көрсетіп отырған көмегін лаңкестікпен күрес атын жамылған түрлі коалициялардың әділетсіз қатынасының үлгісі деп атап: "Олар өздерінің екіұшты қатынастарын ақтау үшін лаңкестікті "жаман" және "жақсы" деп бөліп отыр" деді.

Ислам Революциясының жетекшісі Еуропадағы лаңкестік оқиғалардың себепкерлерінің ұлттарының еуропалық болуына және осы елдердің азаматтарының Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтардағы ауқымды құзырына тоқталып: "Бұл шындықтар Батыстың, әсіресе, америкалықтардың лаңкестікпен күресте шынайы емес екенін көрсетеді" деді.

Хазірет лаңкестіктің қауіп-қатерімен және алпауыт елдердің екіұшты қатынасымен күресудің исламдық елдердің қисынды саясаттар шеңберінде әріптестіктерін қажет ететінін айтып: "Ислам Республикасы мұсылман елдерді бауыр деп санайды. Иран мен Қазақстанның көптеген әлемдік мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас" деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани де қатысқан осы кездесуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранды үлкен әрі сенімді көршілес ел деп атап: "Екі ел қарым-қатынастарын кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Біз осы сапар барысында маңызды экономикалық және сауда бағдарламалары бойынша келісімге келдік. Бұл келісім әріптестіктердің артуы мен кеңеюіне себеп болады" деді.

Қазақстан Президенті лаңкестікті аймақ пен әлемнің тұрақтылығы үшін шынайы қауіп-қатер деп атап, Батыста жуырда орын алған лаңкестік оқиғалар мен батыстықтардың Исламды лаңкестіктің белгісі ретінде таныстыру талпыныстарына тоқталып: "Лаңкестік пен босқындар дағдарысы шын мәнінде батыстық алпауыт елдердің аймақ елдерінің заңды үкіметтерімен күресінің салдарынан туындады. Себебі бір елдің орталық үкіметінің тұрақтылығы әлсіреген кезде оның орнын лаңкестік басады" деді.

Назарбаев ИИР-ның күш-құдіреті мен Ислам Революциясы жетекшісінің исламдық елдердегі рухани ықпалына тоқталып, хазіреттің Ислам әлеміндегі бірлік туралы пікірімен толығымен келісетінін және әлемге Исламның даму, бірлік және лаңкестікпен күресетін дін екенін көрсету қажеттігін айтты.

Тегтер