Ислам революциясы жетекшісі: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерімізді азайтуды бастадық, келешекте бұл жұмысты жалғастырамыз
(last modified Tue, 16 Jul 2019 14:38:13 GMT )
Шіл 16, 2019 20:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі:

Ислам революциясы жетекшісі еуропалықтардың міндетсінулері мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауларын сынап, Иранның бұл келісімдегі міндеттемелерін азайтуды бастағанына және келешекте жалғастыратынын қуаттады.

Аятолла Хаменеи сейсенбіде Ирнның түпкір-түпкіріндегі жұма намазы имамдарымен кездесуінде Иран халқы мен Ислам республикасы жүйесінің табыстары дұшпанның көзінің алдында  күннен күнге артатынына тоқталып: "Өздерін артық санау батыстықтардың шындықты көрмеулеріне себеп болады. Әрине осал елдердің алдында бұл тәкаппарлық табысқа жеткізеді. Бірақ оларға қарсы тұруға қорықпайтын және өз құқыларын қорғайтын елдердің алдында олар сәтсіздікке ұшырайды",- деді. Ислам революциясы жетекшісі  Иран Сыртқы істер министрінің еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында 11 міндеттемесі және олардың тіпті біреуін орындамауларына тоқталып: "Біз "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы және оған енбеген міндеттемелерімізді орындадық. Енді олардың әрекеттеріне байланысты міндеттемелерімізді азайтуды бастаған кезде, еуропалықтар "неге бұл істі жасадыңдар" дейді. Сіздер, еуропалықтар ешбір міндеттемелеріңді орындамаған жағдайда, қалай бізден міндеттемелерімізге табанды болуымызды сұрайсындар",- деп қосты. Аятолла Хаменеи британиялықтардың теңіз қарақшылығын сынап: "Қастықтары барша үшін белгілі болып тұрғандар теңіз қарақшылығы жолымен біздің танкерді тұтқындады. Бірақ бұл қылмысын заңды көрсетуге талпынуда. Сондықтан Ислам республикасындағы мүміндер бұл әрекетті жауапсыз қалдырмайды. Қолайлы уақытта жауабын қайтарады",- деді.  

 

Тегтер