Рухани: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін әр жолдан қайта оралуға дайын
ИИР Президенті телефон арқылы Франция Президентімен сөйлесуінде бұл елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу талпыныстарын маңызды деп тауып, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін әр жолдан қайта оралуға дайын екенін қуаттады.
Хасан Рухани бейсенбіде Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында Франция Президенті арнайы өкілінің Иранға жасаған сапарына тоқталып, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын күшейтуінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін қиындықтар тудыруына тоқталып: «АҚШ-та «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу талпыныстарды қолдамайтын адамдар бар. Сондықтан АҚШ Конгресінде Иран халқының бір жарым миллиард доллар ақшасын ұрлау шешім қабылданады»,- деді. Рухани INSTEX арқылы мұнай ақшасының енгізілуін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саласындағы талпыныстардың жалғасы деп біліп: «Уақытты кетіріп, мұрсаттардан айырылуы Иранды өзінің үшінші қадамын іске асыруға мәжбүрлейді»,- деп қосты.
Эммануэль Макрон екінші жақтың шиеленісті азайту және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саласындағы талпыстары қажеттілігін қуаттап: «Өкінішке орай әрқашан елдердің бейбітшілікке жету талпыныстарына қарсылар кездеседі. АҚШ-тың Иранға қарсы ең қатаң санкциялар енгізуі туралы жариялау - солардың ісі»,- деді.