Мусави: Иран еуропалықтардан «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін сындарлы шаралар атқаруын күтеді
ИИР СІМ нің ақпарат хатшысы Иранның еуропалықтардан «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін сындарлы шаралар атқаруын күтетінін айтты.
Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен болған баспасөз конференциясында Иранның Еуропаның ауызша берген уәделері мен саяси мәлімдемелеріне арқа сүйей алмайтынын айтып: «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын сақтап қалуға бағытталған дипломатиялық талпыныстар жалғасуда. Бірақ егер еуропалықтар осы келісімдегі өз міндеттемелерін орындамаса, Иран үшінші қадамға кесімді түрде кіріседі»,‑деді.
Мусави саудиялық басшылардың Иранмен диалог өткізу туралы сөздеріне тоқталып: «Иран ислам елдері арасындағы мәселелерді ешбір алғышартсыз шешуді талай рет сұрады және ислам елдерін жақындастыруға көмектесетін кез келген шараны қолдайды»,‑деді.
ИИР СІМ‑нің ақпарат хатшысы Нигериядағы исламдық қозғалыстың жетекшісі шейх Ибрахим Закзакидің жағдайы туралы: «Шейх Закзаки – көрнекті ғылыми және діни тұлға. Оның мұсылмандар арасындағы орны ерекше. Иран оны азат етуге бар күшін салады»,‑деді.
Мусави АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранға сапар шегіп, ирандық ақпарат құлдарына сұхбат беру туралы өтінішіне тоқталып: «Бұл шара Иран Сыртқы істер министрінің америкалық ақпарат құралдарына сұхбат беруіне қарымта әрекет болып табылады және психологиялық соғыс жүргізу мақсатында жасалып отыр»,‑деді.