Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдерінің екінші түні өткізілді
Мұхаррам айының 8 күні кешке имам Хомейни (р.) кесене-кешенінде Ислам революциясының жетекшісі, биліктің үш тармағының басшылары және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің қатысуымен шәһидтердің көшбасшысы хазірет Аба Абдулла әл-Хұсейнді аза тұту рәсімі өтті.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің сенбі күні хабарлауынша, бұл рәсімде худжат ул-ислам уәл-мүслемин Али сөз сөйлеп, жастардың тарихта болған хақ жолындағы көтерілістерде, соның ішінде имам Хұсейннің (ғ.) көтерілісінде алғы шепте болғанын айтып, Ислам революциясы мен Қасиетті қорғаныс жылдарында және әртүрлі ғылыми-мәдени салаларда жастардың алғы шепте болғанына тоқталып: «Ислам революциясының жетекшісі екінші қадам баяндамасында жастарға арнап сөз сөйлеп, Ислам революциясының кемелдену жолын жалғастыру үшін маманданған, жауапкершілігі мол революцияшыл жастардың елді басқару салаларында жасампаздық пен батылдық танытуы қажеттігін айтты»,-деді.