Имам Реза кесене-кешенінде Ашура түнінің құтпасы оқылды
Қыр 10, 2019 12:38 Asia/Almaty
Хұсейннің Ашура түнімен бір мезгілде Имам Реза (ғ.) кесене-кешенінде «құтпа оқу» дәстүрлі рәсімі өтті. Бұл рәсімде аталмыш кешеннің қызметшілері қолдарына шам ұстап, Мешхед қаласының Шоһада қиылысында орналасқан Құдс-е Разави облысының әкімшілігі алдынан Ширази көшесін бойлай Имам Реза (ғ.) кесене-кешеніне дейін жүріп өтіп, жоқтау айтты.