Иранның түкпір-түкпірінде "Ялда" түні рәсімдері өтті
Кеше сенбі күні кешке Иранның түкпір-түкпірінде жанұя мүшелері мен туған-туыстың жиналуымен "Ялда" түні рәсімдері өтті.
Иран халқы кеше сенбі күнгі кешті қыстың алғашқы әрі ең ұзақ түні ретінде атап өтті.
Күздің соңғы күні аяқталатын 21 желтоқсанда (30 азар) күн батқан мезгілден бастап 22 желтоқсанда (1 дей) таң атқанға дейінгі Ялда түні қыстың бірінші күні саналады.
Ирандықтардың ең көне мейрамдарының бірі "Ялда" түні немесе "Челле" түнінің дастарханына әртүрлі жаңғақтар, қарбыз, анар, тәтті-дәмділер мен түрлі жеміс-жидектер қойылады. Олардың әрқайсысы символикалық мәнге ие болғандықтан береке, саулық, молшылық пен шаттықтың белгілері.
Осындай тамақтан кейін "Шаһнама" оқу, үлкендердің қисса айтуы мен Хафиз ғазалдарымен бал ашу кең таралған.