Зариф: Иран қарсыласу, әріптестік жасап, күресу және келіссөзге қатысу әлеуетіне ие
Иран Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасының қарсыласу, әріптестік жасап, күресу және келіссөзге қатысу әлеуетіне ие екендігін айтты.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһран университетінде сөйлеген сөзінде халықты ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтап: «Иранның абыройы, мақтанышы мен ұлттық айбыны ислам революциясының идеясы мен елдің асыл мәдениетінің, сондай-ақ имам Хомейнидің жәдігері, яғни тәуелсіздік пен өзіне деген сенім мәдениетінің жемісі. Иран Ислам Республикасының бір алпауыт ел ретінде мәдениетті халқы және ұзақ та жарқын тарихымен халықаралық сахнада бола алатындығына барша сенуі керек.
Имам Хомейнидің: «Америка ештеңе істей алмайды» деген сөзінің негізі мынада: Америка басты алпауыт ел емес, егер Америка бір нәрсені қабылдаса, өзгелерге зиян емес болғандықтан қабылдады, өйткені мұндай ой «Америка – алпауыт ел. Оны барша мойындауы керек» дегеннен шығып отыр» деді.