Велаяти: «Ғасыр мәмілесі» Трамптың саяси өзін-өзі өлтіруі
https://itolqyn.com/news/iran-i45432
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі «Ғасыр мәмілесі» жобасын Трамптың саяси өзін-өзі өлтіруі деп білді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 08, 2020 14:11 Asia/Almaty
  • Велаяти: «Ғасыр мәмілесі» Трамптың саяси өзін-өзі өлтіруі

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі «Ғасыр мәмілесі» жобасын Трамптың саяси өзін-өзі өлтіруі деп білді.

Әлиакбар Велаяти KHAMENEI. IR  ақпарат базасына берген сұхбатында Трамптың «Ғасыр мәмілесі» жобасының негізгі мақсаты Палестинаның бүкіл жерін басып алу екеніне тоқталып: «Бұл жоба АҚШ пен кейбір араб мемлекеттерінің Палестина мәселесі жөніндегі келіссөздерді, олардың ішінде Кэмп-Дэвид пен Осло келісімдеріне немқұрайдылық білдірді. Күрес пен келісссөз арасындағы тарихи салыстыру келіссөздің соңы үнемі мұсылмандар мен арабтар үшін сәтсіздікке ұшырау, ал күрестың соңы жеңіске болғанын көрсетті»,- деді. Велаяти сондай-ақ Трамптың әрекетінің әртүрлі палестиналық топтардың бірлігіне себеп болуын қуаттап: «Автономиялық құрылым, Исламдық қарсыласу мен Исламдық жиһад қозғалыстары бұл жобаны қабылдамады, сонымен бірге палестиналықтар келіссөз арқылы нәтижеге жетпейтіндерін және алға ілгерлететін жол  күрес деген нәтижеге жетті»,- деп қосты.