Иранның бүкіл қарулы күштері Бас қолбасшысы: Соғысты болдырмау және дұшпанның қоқан-лоққысын тоқтату үшін күшті болуымыз керек
(last modified Sat, 08 Feb 2020 13:03:57 GMT )
Ақп 08, 2020 19:03 Asia/Almaty
  • Иранның бүкіл қарулы күштері Бас қолбасшысы: Соғысты болдырмау және дұшпанның қоқан-лоққысын тоқтату үшін күшті болуымыз керек

Иранның бүкіл қарулы күштері Бас қолбасшысы Иранның әртүрлі, әсіресе қорғаныс саласындағы күшті болу қажеттілігін қуаттап: "Соғысты болдырмау және дұшпанның қоқан-лоққысын тоқтату үшін күшті болуымыз керек",- деді.

Иранның бүкіл қарулы күштері Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи бүгін, сенбі күні таңертең Иран армиясының әуе және әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшыларымен кездесуінде әлсіз болу дұшпанды әрекеттенуге итермелейтініне тоқталып: "Біз ешбір мемлекет пен халыққа қоқан-лоққы көрсетуді көздемейміз. Біз елдің қауіпсіздігін қорғап, қоқан-лоққылардың алдын алғымыз келеді",- деп қосты. Аятолла Хаменеи Иранның қарулы күштеріне қорғаныс саланы жанжақты күшейтуге талпынып, мүмкіндіктер мен дарындарды пайдалану туралы ақыл-кеңес беріп: "Егер АҚШ-тың бұрынғы президенттері бұл режимнің зорлық-зомбылықтары жасырын болса, осы кезде Американың бұрмалауы, соғысуы, бүлікшілдігі және ашкөздігі ашық. Иран халқының дұшпандарының бұл жолының нәтижеге жетпейтіні сөзсіз",- деп айтты. Аятолла Хаменеи сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып: "Қоқан-лоққылар мұрсатқа айналады. Қылмыс болып саналатын санкциялар елдің мұнайға деген тәуелділігінен алыстатып, басқа көптеген мәселелерді шеше алады. АҚШ-тың билігіндегі кейбір адамдар бұл мәселені түсініп, "Иранға мұнайсыз экономиканы тәжірибе етуге рұқсат етпеуіміз керек. Иранның экономикасы мұнай кірісінен алыстамайтындай жағдай тудырыуымыз қажет. Экономика саласындағы басшылар бұл салада қырағы болғандары жөн" деп айтуда",- деді.   

 

Тегтер