Рухани: АҚШ-тың залым санкциялары – Иран халқына қарсы лаңкестік әрекет
(last modified Tue, 11 Feb 2020 06:51:38 GMT )
Ақп 11, 2020 12:51 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың залым санкциялары – Иран халқына қарсы лаңкестік әрекет

ИИР Президенті Теһранда орналасқан шетелдік ұйымдар мен өкілеттіктер басшылары және елшілерімен кездесуінде Вашингтонның Теһранға қарсы санкцияларын Иран халқына қарсы лаңкестік әрекет деп атады.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығына орай өткен бұл кездесуінде: «Иранның тарихы, өркениеті және мәдениетімен таныс адамдар бұл елдің халқының зорлық-зомбылық, әділетсіздік пен қысымдарға еш уақытта бағынбайтынын біледі»,- деді. Рухани өткен 2 жылда АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен қысымдарын арттырғанына тоқталып: «Өткен сегіз айдағы инфляция мен инвестиция, экономикалық даму мен жұмыс орындарымен қамтамсыз ету сынды экономикалық көрсеткіштер АҚШ-тың Иран халқына қарсы қастықтарының нәтижесіз қалғанын көрсетті»,- деп қосты. Рухани ИИР әскери әлеуетінің еш уақытта шабуыл жасауға қолданылмағанын қуаттап: «Шабуыл мен соғысты, лаңкестік пен санкцияларды тоқтату мен бір-бірінің қасында тату өмір сүру - Иранның Ислам революциясының жолдауы»,- деді.

 

Тегтер