Рухани: Америкалықтар өткен 41 жыл бойы Иранға қайтып оралу туралы түс көруде
(last modified Tue, 11 Feb 2020 10:18:46 GMT )
Ақп 11, 2020 16:18 Asia/Almaty
  • Рухани: Америкалықтар өткен 41 жыл бойы Иранға қайтып оралу туралы түс көруде

ИИР Президенті өткен 41 жылбойы америкалықтардың Иранға қайтып оралу түсін көрулеріне тоқталып: «Ислам революциясының жеңісімен тұспа-тұс АҚШ-тың Ираннан шығарылуы Вашингтон басшылары үшін өте қиын болды»,- деді.

Хасан Рухани Теһранның миллиондаған халқы қатысқан Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығына арналған шеруде: «Иранның Ислам революциясы тек елдің ішінде ғана емес, аймақ пен әлемдегі бүкіл мұсылмандар мен азаттық талап етушілерге әсерін тигізді»,- деп қуаттады. Рухани ИИР-ның күш-қуаты мен аймақтағы маңызды рөлін еске салып: «АҚШ пен сионистік режим Ислам республикасының құдыретінен хабардар болып, үнемі Иран халқы мен Ислам революциясының дұшпаны болды»,- деп қосты. ИИР Президенті сондай-ақ Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы шәһид Ғасем Солейманидің соғыс майданы сардары әрі келіссөздердің дипломаты болғанын баяндап, бұл кісінің аймақ халықтарының көмегімен Ирак, Сирия және Ливанда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатқанын қуаттады.  

Тегтер