Ислам революциясы жетекшісінің хазірет Абулфазл әл-Аббастың туған күні мен Ардагерлер күніне орай жолдауы
Аятолла Хаменеи хазірет Абулфазл әл-Аббастың туған күні мен Ардагерлер күніне орай жолдау жасап, Ислам революциясының ардагерлеріне құрмет білдірді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеидің жолдауында: «Мәңгіге Кербаланың ту ұстаушысы атанған хазірет Абулфазл әл-Аббастың туған күнімен және Иранның ардагерлері күнімен құттықтаймын. Ардагерлер – тірі шәһидтер мен жанкештілер. Сіздердің көздеріңіз бен жүректеріңіз Алланың сыйына бөленеді»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Алла Тағаладан ардагерлер мен олардың жанұялары үшін денсаулық, ізет-құрмет, тұрақты қадам мен ізгілік тіледі.
Жыл сайын Ардагерлер күні Ислам революциясы жетекшісінің атынан делегациялар Теһран мен басқа қалалардағы ардагерлердің үйлеріне баратын. Биыл коронавирустың таралуына байланысты және медициналық басшылардың әлеуметтік қашықтық сақтау бұйрығына сәйкес бұл кездесулер өткізілмейтін болды.