Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы АҚШ-тың авантюризміне ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i46179
Елі коронавирус дағдарысына ұшыраған жағдайда Америка Президенті Дональд Трамп қоқан-лоққы сарынында сөйлеп, Иранды аймақтағы текетірестер мен дағдарыстардың себепшісі етіп көрсетуге талпынуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2020 21:40 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы АҚШ-тың авантюризміне ескерту жасады

Елі коронавирус дағдарысына ұшыраған жағдайда Америка Президенті Дональд Трамп қоқан-лоққы сарынында сөйлеп, Иранды аймақтағы текетірестер мен дағдарыстардың себепшісі етіп көрсетуге талпынуда.

Трамп Twitter-дегі жазбасында: «Мәліметтер бойынша, Иран немесе оған қарасты топтар АҚШ-тың Ирактағы күштері мен нысандарына қапыда шабуыл жасауды жоспарлап жатыр. Егер мұндай оқиға болса, Иран ауыр шығын төлейді»,-деп жазды.

Трамп, сондай-ақ, бейсенбі күнгі бір баспасөз отырысында Иранға қарсы уәждерін қайталап: «Иранның экономикасы мен әскери қуатына ауыр соққы берілді. АҚШ Иранға көмектесуге әзір»,-деді.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бағери осы сөздерге берген жауапта АҚШ-тың Ирак пен Парсы шығанағындағы әскери қимылдарына тоқталып: «ИИР мен оның қорғаныс жүйесі өзінің ауа, құрлық және теңіздегі шекараларын сақтап, америкалықтардың әрекеттерін толық қырағылықпен жіті бақылап отыр. Америкалықтар Иранның қауіпсіздігіне қатер төндірсе, ең қатаң реакцияға ұшырайды»,-деді.

Иран ел қауіпсіздігін сақтау және басқыншы дұшпандармен қатынас стратегиясында қажет жағдайда өзінің қауіпсіздігін қорғаумен қоса аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзатын адамдарға да қарсы тұра алатынын, кез келген басқыншыға қатаң жауап беретінін көрсетті.

Америкалықтар қаңтар айында Ирактың шақыруымен осы елге ресми сапармен барған Иран Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге қарсы лаңкестік шарадан кейін ИИР-нан қатты соққы көрді. Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері АҚШ-тың Ирактағы ең ірі әскери базасы Эйн-ул-Асад базасына зымыранмен шабуыл жасап, оның тас-талқанын шығарды.  

ИИР дұшпандарды тежеп, өзін қорғауға әскери қабілеті жететін ел. Бұл шындықты Иракқа лаңкестік топтармен күресуде әскери кеңес беру аясында және Сирияда ДАИШ лаңкестік тобын жеңуде стратегиялық рөлі арқылы дәлелдеді.

АҚШ Президенті аймақ елдерінің, соның ішінде Ирак халқының олардың әскери күштерінің өз территорияларында болуына қарсылығы мен  Ирак Парламентінің қаулысына сәйкес америкалық әскерилердің Иракта қалуының заңсыз екенін жақсы біліп отырған жағдайда Иранды қауіп деп атап отыр.

Independent сараптамалық сайты бір мақалада АҚШ Президентінің саясатын сынап: «Сауал мынада: әлемді вирус жайлағанда қай жынды өзін соғыс қаупіне ұрындырады? Иранның қоқан-лоққы жасаушылармен қатаң тілде сөйлесетіні табиғи нәрсе. Иран соғыс бастамайды, бірақ осы елдің Сыртқы істер министрі Зарифтің айтуынша, соғысқұмарларды әдепке келтіреді»,-деді.