Ислам революциясының жетекшісі ливандық оқушылардың хаттарына жауап берді
Ливанның әл-Мәһди мектебінде «Діни жетекшіге хат» деген конкурстан кейін ливандық оқушылардың хаттары Ислам революциясының жетекшісіне тапсырылып, діни жетекші жауап берді.
Аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесінің баспасөз қызметінің жасөспірімдер және діни жетекші бөлімінің хабарлауы бойынша Ислам революциясының жетекішсі Ливанның әл-Мәһди мектебі оқушыларының хаттарына берген жауапта оларға пәк ниеттері үшін алғыс айтып, білімді меңгеріп, иманды болу туралы ақыл айтты. Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, ливандық оқушыларды жарқын келешек пен қауіпсіздік, адамгершілік пен ақлақ әлемін құруға дайындалуға шақырды. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Алладан ливандық оқушылардың бақытты болуын сұрады.
17 филиалы және 20 мыңнан астам оқушысы бар әл-Мәһди мектебі 1993 жылдан бері мүмін және хабардар буынның тәлім-тәрбиесімен айналысып келе жатқан Ливан Хизболласының қарамағындағы оқу-тәрбие орталығы.