Ислам революциясының жетекшісі «Мұғалім» күнімен құттықтады
(last modified Fri, 01 May 2020 12:31:00 GMT )
Maм 01, 2020 18:31 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі «Мұғалім» күнімен құттықтады

Ислам революциясының жетекшісі мектеп мұғалімдері, университеттер мен діни оқу орындары ұстаздарын «Мұғалім күнімен» құттықтап, әділет негіздеріне сүйенген діни қоғам құру мақсатында балалар мен жасөспірімдердің дарындарын исламдық және революциялық құндылықтар бағытында дамытуды олардың үлкен міндеті деп атады.

Бүгін, жұма, 1 мамыр (12 урдибеһешт) – ұстаз Мұртаза Мотахаридің шәһид болған күні. Бұл ИИР күнтізбесінде «Мұғалім күні» атанды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жұма күнгі жолдауында исламдық жүйенің армандағы әділетке сүйенген діни қоғам құру мақсатында қалыптасқанын қуаттап: «Исламдық елдерде балалар, жасөспірім мен жастар  дарындары мен білімін ұлттық жоғары, яғни исламдық-революцияшыл құндылықтарын үйрену және дамыту үшін қолданады. Құдайға шүкір, біздің жастарымыз қазіргі материалдық дүниеде аз кездесетін жарқыраған үлгілерді таниды. Шәһидтерге Алланың нұры жаусын. Біз мұғалімдерге  алғыс айтып, Иран халқының жас ұрпағына қош келдіңіздер дейміз»,- деді.