Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Зарифпен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i472-Қазақстанның_Инвестиция_және_даму_министрі_Зарифпен_кездесті
Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Иранның Сыртқы істер министрімен кездесіп, екі жақты мәселелер және екі ел арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтудің жолдары туралы пікір алмасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 08, 2016 13:41 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Зарифпен кездесті

Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Иранның Сыртқы істер министрімен кездесіп, екі жақты мәселелер және екі ел арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтудің жолдары туралы пікір алмасты.

ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні өткен кездесуде Иранның ядролық келісіміндегі Қазақстанның рөліне тоқталып: «Иран Қазақстанның бизнесмендері мен өнеркәсіп иелерінің елге келуін қолдап, екі елдің жан-жақты қарым-қатынастарын нығайтуды маңызды санайды»,- деді.

Зариф сонымен бірге Қазақстан Президентінің келешектегі Иранға жасайтын сапарын құптап, бұл сапарды екі елдің арасындағы жаңа кезеңнің басталуы деп атап: «Теһран-Астана арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейту үшін ешқандай шектеулер мен кедергілер жоқ. Иран Қазақстанмен елдің оңтүстігіндегі Бандар Аббас және оңтүстік-шығысындағы Бандар Чабаһар порттары арқылы сауда және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерге ие»,- деп мәлімдеді.

Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Әсет Искешев те бұл кездесуде: «Иран сапарының негізгі мақсаты екі елдің арасындағы банктік және экономикалық ынтымақтастықтардың алдындағы кедергілерді жойып, екі елдің әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарын дамыту болып табылады»,- деді.