Иранның Хорасан Разави облысы Ауғанстан үкіметіне 10 000 маска сыйлады
Иранның Хорасан Разави облысының шетелдік азаматтар мен мигранттар істері жөніндегі бас директоры коронавирустың алдын алу және онымен күрес мақсатында Ауғанстан үкіметіне 10 000 маска сыйлағанын хабарлады.
Мұхаммад Тақи Хашими сенбі күні IRNA-ға берген сұхбатында: «ИИР Ауғанстан үкіметіне тестер мен маскалар сыйлаумен қатар коронавируспен күресу саласындағы тәжірибесімен де алмасуға дайын»,- деді. Хашими, сондай-ақ, коронавирус пандемиясы кезіндегі ауған мигранттарға көрсетілген қызметке тоқталып: «Коронавирус жұқтырған ауған азаматтары Иранда тегін емделеді»,- деді.
БҰҰ Мигранттар істері жөніндегі жоғары комиссары да өз мәлімдемесінде Иранды ауған мигранттарын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуші ел деп атады.