Коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистика
https://itolqyn.com/news/iran-i47302
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Сима Садат Лари бейсенбі күні елдегі коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистиканы жариялап: «Нақты диагностикалық критерийлерге сәйкес, өткен 24 сағатта Иранда тағы 2595 адам COVID-19 жұқтырды. 1305 адам ауруханаға жатқызылып, басқа науқастарға амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 26, 2020 16:36 Asia/Almaty
  • Коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистика

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Сима Садат Лари бейсенбі күні елдегі коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистиканы жариялап: «Нақты диагностикалық критерийлерге сәйкес, өткен 24 сағатта Иранда тағы 2595 адам COVID-19 жұқтырды. 1305 адам ауруханаға жатқызылып, басқа науқастарға амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.

Лари Иранда COVID-19 жұқтырғандар санының 215096 адамға жеткенін айтып: «Өткен 24 сағатта COVID-19 вирусынан 134 адам көз жұмды. Осы вирустан елде 10130 адам қайтыс болды»,-деді.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 млн 551 мыңнан асты. Олардың арасында 485433 науқас қайтыс болса, 5 млн 192 мыңға жуық адам жазылып, ауруханалардан шығарылды.