Коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистика
Маусым 26, 2020 16:36 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Сима Садат Лари бейсенбі күні елдегі коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы статистиканы жариялап: «Нақты диагностикалық критерийлерге сәйкес, өткен 24 сағатта Иранда тағы 2595 адам COVID-19 жұқтырды. 1305 адам ауруханаға жатқызылып, басқа науқастарға амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Лари Иранда COVID-19 жұқтырғандар санының 215096 адамға жеткенін айтып: «Өткен 24 сағатта COVID-19 вирусынан 134 адам көз жұмды. Осы вирустан елде 10130 адам қайтыс болды»,-деді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 млн 551 мыңнан асты. Олардың арасында 485433 науқас қайтыс болса, 5 млн 192 мыңға жуық адам жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер