Трамп сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет ісіне қатысты болуына байланысты сотпен қудаланады
(last modified Tue, 30 Jun 2020 09:40:33 GMT )
Маусым 30, 2020 15:40 Asia/Almaty
  • Трамп сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет ісіне қатысты болуына байланысты сотпен қудаланады

Теһран Соты Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетті басқару мен іске асыруға қатысты 36 адамды қамауға алу шешім қабылданғанын хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли әл-Қазимеһр дүйсенбі күні Иран Соты жоғары кеңесінің отырысында Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет ісіне тоқталып: «Сардар Солейманиге қарсы террорға қатысты АҚШ пен басқа үкіметтердің саяси және әскери  басшылары анықталып, Сот басшысы олар үшін қамауға алу және Интерпол арқылы қызыл жағдайды жариялау шешім қабылдады»,- деді.

Теһран соты бұл адамдардың кісі өлтіру және лаңкестік әрекет жасаумен айыпталғандарын мәлімдеді.  Ол. «Бұл тізімді АҚШ Президенті Дональд Трамп бастайды, сондықтан  оның сот ісінің қудалануы президенттік кезеңі аяқталған соң да жалғасады»,- деп айтты.