Иранда коронавирусқа шалдыққандарды емдеу үшін Remdesivir өндіріледі
https://itolqyn.com/news/iran-i47548
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеу үшін бұл елде Remdesivir өндірілетінін жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 16, 2020 16:26 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандарды емдеу үшін Remdesivir  өндіріледі

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеу үшін бұл елде Remdesivir өндірілетінін жариялады.

Саид Намаки сәрсенбі күні үкімет отырысының аясында әлемде коронавирусқа қарсы әсерлі дәрінің табылмағанына тоқталып: «Remdesivir Еуропа мен АҚШ-та коронавирус жұқтырған адамдарды емдеуге қолданылады және келесі аптадан Иранда бұл дәрінің өнідірісі басталады. Ирандық зерттеушілердің 57 зерттеу тобы бұл мәселеге байланысты жұмыс жасауда және оның нәтижесі 50 әйгілі дәрігерден құрылған ғылыми комитетте талқыға салынады. Жақын арада ирандық ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері жарияланады»,- деді.