Ирандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина өндіру саласында алға ілгерледі
Иранның Денсаулық сақтау министрі ирандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы вакцина өндіру саласындағы жұмыстарының алға ілгерлегенін хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Саид Намаки COVID-19 вирусын жұқтырғандарды емдеуге қажет дәрі шығару саласында 57 зерттеу тобының жұмыс жасап жатқанына тоқталып: «Халықаралық зерттеулерге Иран белсенді елдердің бірі ретінде қатысады. Құдайға шүкір жақсы нәтижеге жетіп, жақын арада ирандық вакцина сынақтан өтеді»,- деді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 миллионға жуықталды, олардың ішінен 593 мыңы қаза болып, 8 миллион 294 мыңы жазылып ауруханадан шықты.