Ирандық RDSS аппараты коронавирусты бірнеше секундта анықтайды
https://itolqyn.com/news/iran-i47603
Ирандық зерттеушілер COVID-19 жұқтырған науқастарды жедел диагностикалауға арналған аппарат ойлап шығарды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 21, 2020 15:23 Asia/Almaty
  • Ирандық RDSS аппараты коронавирусты бірнеше секундта анықтайды

Ирандық зерттеушілер COVID-19 жұқтырған науқастарды жедел диагностикалауға арналған аппарат ойлап шығарды.

Нано-биоэлектрлік технологияны қолдану арқылы және қақырық тәрізді Ros (шырышты реактивті түрлер) шырышты қабықтың бетін бақылау арқылы RDSS аппараты тестілеуді қажет етпестен Covid 19 инфекциясын бір минутқа жетпей анықтай алады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл аппаратты жасап шығарған топтың жетекшісі Ромин Сарами-Фрушани: «Коронавирустың басталуымен өкпе тінінің жасушаларында Ros молекулаларының деңгейі жоғарылайды. RDSS диагностикалық жүйесі бұл өзгерісті  бірнеше секунд ішінде анықтайды. Бұл аппарат COVID-19 анықтау, әсіресе асимптоматикалық тасымалдаушыларды анықтауда маңызды рөл атқара алады»,- деді.