Мұхаррам айының қарсаңында имам Реза (ғ.) кесенесінің күмбезіндегі байрақ ауыстырылды
(last modified Fri, 21 Aug 2020 16:04:41 GMT )
Там 21, 2020 22:04 Asia/Almaty
  • Мұхаррам айының қарсаңында имам Реза (ғ.) кесенесінің күмбезіндегі байрақ ауыстырылды

Мұхаррам айында әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Аба Абдулла Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдері қарсаңында Мешхедтегі имам Реза (ғ.) кесенесінің күмбезіндегі байрақ пен қабір бетіндегі мата аза белгісі ретінде қара түске ауыстырылды.

Имам Реза (ғ.) кесенесінің күмбезіндегі қара байрақ, қабір басы мен мұнарасындағы қара маталар 20 қазанға дейін (яғни имам Резаның (ғ.) шәһид болған күнінен 3 күн өткенге дейін) ілулі тұрады.

Сондай-ақ,  бейсенбі күні Хұсейнге ықылас білдірушілердің қатысуымен Шәһидтердің басшысы кесенесінің күмбезіндегі байрақты ауыстыру рәсімі өтті.

Бүгін, жұма – х.қ.ж.с.б. 1442 жылдың мұхаррам айының бірінші жұлдызы.   

Әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейн (ғ.) х.қ.ж.с.б 61 жылы 10 мұхаррамда Кербалада шәһид болған. Ол Кербала шайқасындағы жанпидалығы арқылы әлем халықтарына еркіндік пен абырой-айбын дәрісін берді.

Тегтер