Ирандағы коронавирус жұқтырғандардың жағдайы
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Сима Садат Лари бейсенбі күні елдегі коронавирус жұқтырғандардың соңғы жағдайы туралы: «Нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша, өткен 24 сағатта Иранда тағы да 1994 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1063-ы ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Сима Садат Лари Иранда COVID-19-ке шалдыққандардың жалпы санының 380746 адамға жеткенін айтып: «Өкініштісі, өткен 24 сағатта 129 адам осы індеттен көз жұмды. Жалпы қаза болғандар саны 21926 адамға жетті»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Осы күнге дейін 328595 адам жазылып, аураханалардан шықты»,-деді.
Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 26 млн адамнан асты. Олардың 867 мыңы көз жұмып, 18 млн-нан аса адам жазылып шықты.