Иранның Бушер облысынан құны 2 млрд доллардан асатын мұнайдан тыс тауар экспортталды
(last modified Sun, 04 Oct 2020 10:38:09 GMT )
Қаз 04, 2020 16:38 Asia/Almaty
  • Иранның Бушер облысынан құны 2 млрд доллардан асатын мұнайдан тыс тауар экспортталды

Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысынан өткен алты айда құны 2 млрд 470 млн долларды құрайтын мұнайдан тыс тауар экспортталды.

Бушер облысының Сауда, кен және өнеркәсіп ұйымының басшысы: «Өткен 6 айда құны 2 млрд 470 млн долларды құрайтын 11 млрд 633 мың тонна мұнайдан тыс тауар экспортталды»,-деді.

Хусейни: «Иранның мұнайдан тыс тауарлары Бушер облысынан Қытай, БАӘ, Түркия, Пәкістан, Катар, Бразилия, Үндістан, Ирак, Ауғанстан мен Кувейт елдеріне экспортталады»,-деді.