ДДСҰ-ның коронавирусқа қарсы үміткер вакциналар тізіміне сегіз ирандық вакцина енгізілді
https://itolqyn.com/news/iran-i48957
Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының өкілі ирандық сегіз вакцинаның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Covid 19 вакцинасына үміткерлер тізіміне енгізілгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 14, 2020 20:01 Asia/Almaty

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының өкілі ирандық сегіз вакцинаның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Covid 19 вакцинасына үміткерлер тізіміне енгізілгенін хабарлады.

 

Джаһанпур сенбі күні өз твитінде: «Коронавирусқа қарсы 8 ирандық вакцина ДДСҰ-ның үміткер вакциналар тізіміне тіркелді және тағы басқа 8 ирандық вакцина бұл тізімге енгізілу қарсанында»,- деп жариялады. Джаһанпур: «Иранда Covid 19 вакцинасын шығаруға қажет барлық жұмыстары зертханалық өндіріс кезеңінен өтті»,- деді.