Хеммати: АҚШ санкцияларына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу саласында Иран қиындықтарға тірелді
Иранның Орталық банкісінің бас директоры коронавирусқа қарсы вакцинанысатып алу үшін Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДСҰ) ресми араласуы қажеттілігіне тоқталып: «АҚШ үкіметінің адамгершілікке жатпайтын санкцияларына және OFAC лицензияларын алу қажеттілігіне байланысты Иран коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алуға қажетті валютаны төлеуге тыйым салынумен бетпе-бет келді»,- деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Абделнасер Хеммати Instagram-дағы парақшасында: «Коронавирус вакцинасы туралы кейбіреулер хабарсыз болуынан немесе дұшпандықтан АҚШ-тың адамгершіліктен жат Иранға қарсы санкцияларын кінәлі деп санамай, тек АҚШ-тың дәрі-дәрмек мәмілесіне тыйым салынбады деген жалған уәждерін қуаттауда»,- деп жазды.