Хеммати: АҚШ санкцияларына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу саласында Иран қиындықтарға тірелді
(last modified Tue, 08 Dec 2020 09:14:34 GMT )
Жел 08, 2020 15:14 Asia/Almaty
  • Хеммати: АҚШ санкцияларына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу саласында Иран қиындықтарға тірелді

Иранның Орталық банкісінің бас директоры коронавирусқа қарсы вакцинанысатып алу үшін Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДСҰ) ресми араласуы қажеттілігіне тоқталып: «АҚШ үкіметінің адамгершілікке жатпайтын санкцияларына және OFAC лицензияларын алу қажеттілігіне байланысты Иран коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алуға қажетті валютаны төлеуге тыйым салынумен бетпе-бет келді»,- деп мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Абделнасер Хеммати Instagram-дағы парақшасында: «Коронавирус вакцинасы  туралы кейбіреулер хабарсыз болуынан немесе дұшпандықтан АҚШ-тың адамгершіліктен жат Иранға қарсы санкцияларын кінәлі деп санамай, тек АҚШ-тың дәрі-дәрмек мәмілесіне тыйым салынбады деген жалған уәждерін қуаттауда»,- деп жазды.