Иранда коронавирустан тағы 284 адам көз жұмды
https://itolqyn.com/news/iran-i49267
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі өткен 24 сағатта тағы 10 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталып, 284 адамның көз жұмғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 10, 2020 20:08 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан тағы 284 адам көз жұмды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі өткен 24 сағатта тағы 10 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталып, 284 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Сима Садат Лари бейсенбі күні елдегі коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы: «Нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша,  өткен 24 сағатта Иранда COVID-19-ға шалдыққан тағы 10403 адам анықталды. Олардың 1458-і ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.

Лари Иранда COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы санының 1 млн 83023 адамға жеткенін айтып: «Өкінішке қарай, індеттен көз жұмғандар саны 51496 адамға жетті»,-деді.