Теһрандағы Германия елшісі Иран СІМ-не шақыртылды
https://itolqyn.com/news/iran-i49300-Теһрандағы_Германия_елшісі_Иран_СІМ_не_шақыртылды
Еуроодақтың кешегі наразылық мәлімдемесінен кейін Германияның Теһрандағы елшісі Иран СІМ-не шақыртылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 13, 2020 17:40 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Германия елшісі Иран СІМ-не шақыртылды

Еуроодақтың кешегі наразылық мәлімдемесінен кейін Германияның Теһрандағы елшісі Иран СІМ-не шақыртылды.

Еуроодақтың Рухолла Замның дарға асылуына қатысты ішкі іске араласу сипатындағы мәлімдемесінен кейін Теһрандағы Германия елшісі Иран СІМ-не шақыртылып, оған Теһран үкіметінің наразылығы жарияланды.

Теһрандағы Франция елшілігінің жауапты өкілі де бүгін Иран СІМ-не шақыртылады деп күтілуде.

Ислам революциясына қарсы медиа өкілдердің бірі Рухолла Зам ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етті деген айыппен кеше дарға асылды.