Хатибзаде Трампқа ескерту жасады
(last modified Thu, 24 Dec 2020 13:58:20 GMT )
Жел 24, 2020 19:58 Asia/Almaty
  • Хатибзаде Трампқа ескерту жасады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президентіне қатаң ескерту жасап, Ақ үйдегі өмірінің соңғы күндерінде қауіпті текетірестер пен авантюристік әрекеттерден бас тартуға кеңес берді.

Саид Хатибзаде бейсенбі күні Дональд Трамп пен CENTCOM-ның Иранға қарсы бөлімінің дақпырт сөздері мен даңғаза уәждеріне реакциясында: «Бұған дейін айтылғандай, Иранның АҚШ терроризміне жауабы ашық, батыл әрі өз деңгейінде берілді. Сондықтан АҚШ режимі өзінің алауыздық тудыру әрекеттерін түсіндіру үшін ақылға сыйымдырақ сценарийлерге сүйенгені дұрыс»,-деді.

Хатибзаде Трамп пен CENTCOM-ның уәждерін теріске шығарып: «Бұрын да талай айттық, дипломатиялық ғимараттар мен тұрғын үйлерге шабуыл – қабылдауға келмейтін іс. Осы бір тақырыпта айып саусағы  жаңа текетірес пен алауыздық тудырып жүрген АҚШ пен оның аймақтағы серіктестері мен одақтастарына бағытталуы тиіс»,-деді.

Дональд Трамп Твиттердегі жеке парақшасында ешбір дәлел келтірместен белгісіз бірнеше миномет снарядының суретін жариялап, Иранды АҚШ-тың Бағдадтағы елшігіне зымырандық шабуыл жасады деп айыптады.