Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны азайып келеді
Жел 27, 2020 18:10 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта коронавирустан 119 науқас көз жұмды. Елде жалпы құрбандар саны 54693 адамға жетті»,-деді.
Доктор Лари жексенбі күні Иранда коронавирусқа шалдыққандар мен көз жұмғандарға қатысты статистиканы жариялай келіп: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта елде індетке шалдыққан тағы 5500 адам анықталды. Олардың 530-ы ауруханаға жатқызылды»,-деді.
АҚШ-та 19 млн-нан аса адам коронавирусқа шалдығып, 339 мың адам қайтыс болды. Бұл ел әлемде індетке шалдыққандар мен құрбандар саны бойынша көш бастап тұр.
Тегтер