Иранда коронавирусқа шалдыққан 995 мыңнан астам адам жазылды
Қаң 01, 2021 21:37 Asia/Almaty
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Иранда коронавирусқа шалдыққан 995 мыңнан астам адамның жазылғанын хабарлады.
Сима Садат Лари жұма күні Иранда коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандардың статистикасын жариялай келіп: «Өткен 24 сағатта COVID-19 жұқтырған тағы 6286 адам белгілі болды. Олардың 803-і ауруханаға жатқызылды және басқаларына медициналық қызмет көрсетілді. Сондай-ақ елде коронавирустан тағы 114 адам көз жұмды. Жалпы індет құрбандары саны 55337 адамға жетті. осы кезде 995570 адам жазылып, ауруханалардан шықты»,- деді.
Тегтер