Иранда коронавирустан тағы 85 адам көз жұмды
https://itolqyn.com/news/iran-i49640-Иранда_коронавирустан_тағы_85_адам_көз_жұмды
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта елде коронавирустан тағы 85 адам көз жұмды. Жалпы індеттен құрбан болғандардың саны 56018 адамға жетті»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 08, 2021 19:28 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан тағы 85 адам көз жұмды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта елде коронавирустан тағы 85 адам көз жұмды. Жалпы індеттен құрбан болғандардың саны 56018 адамға жетті»,-деді.

Лари жұма күні Иранда коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны туралы: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта 6251 адам COVID-19 жұқтырып, олардың 581-і ауруханаға жатқызылды»,-деді.

Ресми статистика бойынша, әлемде осы күнге дейін 88 млн-нан аса адам коронавирус жұқтырды. 1 млн 908 мыңнан аса адам індет салдарынан көз жұмды.