Иранда коронавирустан тағы 86 адам көз жұмды
Қаң 17, 2021 22:53 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта елде коронавирустан 86 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 56803 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари жексенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта тағы 6016 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 631-і ауруханаға жатқызылды»,-деді.
Лари Иранда жалпы індет жұқтырғандар санының 330411 адамға жеткенін айтып: «Қуанышқа орай, осы күнге дейін 1 млн 119 137 адам жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деді.
Тегтер