Иранда коронавирус жұқтырған 1 миллион 183 мыңнан астам адам жазылды
Қаң 27, 2021 19:17 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық министрлігінің ақпарат өкілі коронавирус жұқтырған 1 миллион 183 мыңнан астам адамның жазылғанын хабарлады.
Сима Лари Садат сәрсенбі күні: «Өткен 24 сағатта Иранда COVID-19 жұқтырған 6608 науқас анықталды және олардың 695 ауруханаға жатқызылды, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді. Сондай-ақ өткен 24 сағатта коронавирус індетінен 91 адам көз жұмды. Жалпы Иранда бұл аурудан көз жұмған адамның саны 57651 жетті»,- деді.
Тегтер