Иранда 1 млн 196 мыңнан аса адам коронавирустан сауығып шықты
Қаң 29, 2021 18:52 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы елде 1 млн 196 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққаннын хабарлады.
Сима Садат Лари жұма күні елдегі коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта 6573 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 650-і ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: «Елде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 404 414 адамға жетті»,-деді.
Лари, сондай-ақ: «Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта 71 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы қайтыс болғандар саны 57807 адамға жетті»,-деді.
Тегтер